Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Азаттық даңғылындағы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бейнежазба
399 рет қаралды

Атырау қаласындағы Азаттық даңғылының Ғ.Алипов көшесімен қиылысқан тұсында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда ұзындығы 400 метр болатын учаскеде жолдың алғашқы қабаты төселіп жатыр. Бұл жұмыс көлемінің жартысы аяқталған.

Аталған жұмыстарға 10-ға жуық арнайы техника тартылған.

— Қазір жол жабынының бастапқы қабаты төселуде. Алдағы кезеңде ірі түйіршікті асфальтбетон төсейміз. Осы 400 метрлік бөлікті келесі аптада толық аяқтап, көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланып отыр, — деді учаске жетекшісі Нұрсултан Байдаулетов.

Бұл бөлік толық пайдалануға берілгеннен кейін, Азаттық даңғылының басқа учаскелерінде де жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

6 тамыз, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.