Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі

288 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі тарату бойынша қылмыстың жолын кесті. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы Сәтбаев қаласының ұсталды. Ұстау барысында және кейіннен тінту кезінде кондиционер қорабынан құрамында ұнтақ тәрізді және өсімдік тектес заттары бар үш түйіншек табылды.

Бұдан басқа, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер құрамында ұнтақ тәрізді заттар бар тағы бес түйіншек, сондай-ақ бес электронды таразы, орау материалдары және оқшаулағыш таспаны тәркіледі, бұл оның одан әрі сатуға дайындалғанын көрсетеді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 700 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты, бұл аса ірі партияға жатады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара таңдалды.

6 тамыз, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.