
Елдегі жылу электр орталықтарының орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға төмендеді.
Еліміздегі жылу электр станцияларының техникалық жағдайы жақсарып келеді. Биыл 10 энергоблокқа, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда 5 энергоблок, 30 қазандық және 19 турбинада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ал 4 энергоблок, 15 қазандық және 9 турбинада жөндеу аяқталды.
Өткен жылмен салыстырғанда жылу электр орталықтарының орташа тозуы 64%-дан 61%-ға төмендеді. Бұл жетістік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан техникалық жаңғырту мен жаңарту жұмыстарының нәтижесі.
2024–2025 жылыту маусымының қорытындысы бойынша 37 жылу электр орталығының жағдайында оң өзгерістер байқалды. Бұрын 19 станция «қызыл аймақта», 11-і «сары аймақта», 7-і «жасыл аймақта болса, қазір:
-
9 ЖЭО «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті. Олардың ішінде Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Рудный, Риддер, Шахтинск, «Qarmet» АҚ ТЭЦ-2 және Кентау станциялары бар.
-
3 ЖЭО «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» көтерілді: Атырау, Текелі және «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС ТЭЦ-3.
Қазіргі таңда елімізде 10 ЖЭО «қызыл», 17 ЖЭО «сары», 10 ЖЭО «жасыл» аймақта тұр. ҚР Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындықты жүйелі түрде бақылауда ұстап келеді.
В Атырау +3