Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Ақтөбе Интергаз» филиалына экологиялық заңбұзушылықтар үшін 1,1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

361 рет қаралды
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

Атырау облысының мамандандырылған экологиялық прокуратурасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Ақтөбе Интергаз Орталық Азия» МГБ филиалына 1,1 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Нефть и Газ Казахстана.» Telegram-арнасы.

Тексеру кезінде «Бозой» жерасты газ қоймасындағы Жаманқоянқұлақ учаскесінде жаңа пайдалану ұңғымаларын бұрғылау және жабдықтау барысында заңбұзушылықтар анықталған.

Аталған бұрғылау жұмыстарын мердігер ұйым – «Мұнай Сервис ЛТД» ЖШС жүргізген. Тексеру кезінде екі ұңғыма бойынша қолданыстағы экологиялық рұқсаттардың мерзімі өтіп кеткені, ал жаңалары алынбағаны белгілі болды. Бұл заңбұзушылық үшін компанияға 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Алайда, рұқсатсыз қызмет заң жүзінде объектіні заңсыз пайдалануға теңестіріледі. Сонымен қатар, бұрғылау қалдықтары мен ерітінділерін басқа ұйымдарға тапсыру – қауіпті қалдықтарды заңсыз беру ретінде бағаланады. Бұл – әлдеқайда ауыр құқықбұзушылық саналады.

Нәтижесінде, осы екі эпизод бойынша жалпы айыппұл көлемі шамамен 1,1 миллиард теңгеге жеткен.

6 тамыз, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.