
2025 жылғы 5 тамызда Кишинев қаласының Буюкан секторлық соты Молдова құрамындағы автономиялық аймақ – Гагаузия басшысы Евгения Гуцулды жеті жылға жартылай жабық түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Ол «Шор» партиясын заңсыз қаржыландырғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.
Сот сонымен қатар «Шор» партиясының хатшысы Светлана Попанға да алты жыл түрме жазасын берді. Прокуратура Гуцуыл үшін тоғыз жыл сұраған болатын, бірақ сот жеті жылмен шектелді.
Гуцуыл мемлекетке 40 миллион молдова лейін қайтаруға міндеттелді – тергеу мәліметінше, бұл қаражат заңсыз қаржыландыруға жұмсалған.
Айта кетейік, «Шор» партиясы Молдовада конституцияға қарсы деп танылған.
Үкім оқылған күні Гуцулдың жақтастары сот ғимаратына жиналып, полиция оны қоршауға алды.
Гуцуыл мен оның қорғаушылары бұл істі саяси астары бар деп есептейді. Кремль де бұл үкімді қыркүйекте өтетін сайлаулармен байланыстырып, сынап шықты.
В Атырау +4