Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркістан облысында полицейлер егіс алқабына егілген қарасора өсімдігін анықтады

224 рет қаралды
Фото: freepik.com

Түркістан облысында полицейлер 70-тен астам қарасора өсімдігін тәркіледі. "Қарасора-2025" жедел-алдын алу шарасын өткізу аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз егу дерегін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғындарынан егіс алқабында егілген қарасора тәрізді 75 түп өсімдігін тапты. Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

6 тамыз, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.