Атырау, 17 маусым 16:51
 дождьВ Атырау +32.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Атырауда 400 орындық спорт-интернат салынады

503 рет қаралды

Атырау қаласында спортта дарынды балаларға арналған заманауи спорт-интернат кешенін салу жоспарлануда. Жоба «Ривьера» спорт кешені аумағында жүзеге асады. 

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше, кешеннің жалпы жер көлемі - 4,2 гектар. Онда 400 орындық мектеп-интернат ғимаратын салу көзделіп отыр. Құрылысты 2027 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. 

- Бұл нысан болашақ чемпиондарды даярлауға арналған заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Өңірдегі спорттық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, - деді басқарма өкілдері.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 тамыз 2025, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.