
Жылыой ауданы әкімінің өкімімен бұған дейін Аманжол Айдашев аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айдашев Аманжол Бағытұлы 1982 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2004–2005 жылдары – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2007–2009 жылдары – Атырау облысы Құрылыс департаментінің құрылыс және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы;
2011–2012 жылдары – Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
2020–2021 жылдары – «Астана Innovations» АҚ-да бас экономист;
2021 жылдан бастап қазіргі кезге дейін – «Астана қаласын дамыту жобаларын сараптау және үйлестіру орталығы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3