Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ерекше айыппұл: Атырауда​ жүргізушісіз көлік қалай​ жол ережесін бұзды

475 рет қаралды

Атырау қаласының тұрғыны өзінің көлігі эвакуатормен тасымалданып бара жатқанда, сол көлікке жол ережесін бұзды, яғни осы учаскеде рұқсат етілген жылдамдықтан (сағатына 70 км) асырды деген себеппен айыппұл келгенін айтып, таңданысын жасырмады.

— Қашаннан бері эвакуатордың үстінде тұрған көлікке айыппұл сала бастады? Айыппұл жібермес бұрын, камерадан көліктің нақты жағдайын неге тексеріп алмайсыздар? — дейді наразы тұрғын.

Оның айтуынша, көлік өзі басқармаған кезде, яғни эвакуатордың үстінде кетіп бара жатқанда, қандай да бір жол ережесін бұзу мүмкін емес.

Бұл жағдайға байланысты Полиция департаменті түсініктеме беріп, айыппұлдың автоматты түрде тіркелетінін мәлімдеді.

— Егер түсініспеушілік орын алса, тұрғындар Әкімшілік полиция басқармасына, Әбілқайыр хан даңғылы 55А, 2-қабат, 210-кабинетке келіп, мәселені нақтылап біле алады, — делінген ресми жауапта.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 тамыз, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.