Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды

304 рет қаралды
видеодан скриншот

Қала прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы аясында қалалық коммуналдық қызметтер – «Тазалық сақшылары» - құқық бұзушылықпен күресте белсенді көмек көрсетіп келеді, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Олардың қырағылығының нәтижесінде қала көшелеріне есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жазып жүрген 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұсталды.
 
Тергеу барысында ер адам қаржылай қиындықтарға тап болып, Telegram мессенджері арқылы күмәнді «қосымша табыс» туралы хабарландыруға келіскен.
 
Белгісіз тапсырыс берушіден нұсқаулар алып, ол түнгі уақытта трафарет пен аэрозольді бояу арқылы тыйым салынған сілтемелерді жазған.
 
Сот үкімімен ол ҚК 299-1-бабының 2-бөлігімен есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау қылмысы бойынша 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
 
Егер сіз күдік тудыратын граффити, жарнама немесе басқа да әрекеттерді байқасаңыз — 102 нөміріне хабарлаңыз.
 
Есірткі жарнамасы – бұл жай жазба емес, қылмыс.
 

5 тамыз, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.