
Бұл оқиғалардың басым бөлігі маусым-шілде айларындағы ыстық күндерге тұспа-тұс келген.
Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 8 адам суға кетіп, қайтыс болды.
— Қазіргі таңда Жайық өзені жағалауында күнделікті рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов.
Сонымен қатар, құтқарушылар биыл сәуір айында екі ересек адамды, ал мамырда бір баланы судан аман алып қалған.
ТЖД азаматтарды мас күйде суға түспеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін киіп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырады.
Тек маусым-шілде айларында жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша 83 адамға хаттама толтырылған.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 2024 жылы өңірде 9 адам суға кетіп, мерт болған. Олардың төртеуі — бала.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3