Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында құтқарушылар түнде адасып кеткен малшыны тауып алды

Бейнежазба
453 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырау облысында ТЖМ құтқарушылары Мақат кенті маңында далада адасып кеткен ер адамды тапты. 112 шұғыл қызметіне жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің 1963 жылы туған тұрғыны қой бағуға кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті. Ол байланысқа шықпай қалған соң, туыстары дабыл қаққан.

Күн қараңғы болып, ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан, ТЖМ құтқарушылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Шаруашылық аумағын мұқият шолып шығып, шамамен 6 шақырым қашықтықта ер адам табылды. Ол бағытынан адасып кеткен екен.

Медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында оқиға нәтижелі аяқталды.

5 тамыз, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.