Атырау, 29 қазан 03:05
 дождьВ Атырау +9.1
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Полиция қымбат көлікті айдап әкеткен күдіктілерді ұстады

846 рет қаралды
Фото: polisia.kz

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

5 тамыз 2025, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.