Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда мотокөлік қатысқан 29 жол апаты тіркелген

351 рет қаралды

Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 35 тұрғын түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бұл оқиғалардың басым бөлігі мотокөлік басқарушы жастардың жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуынан туындаған.   

Мәселен, 7 шілде күні сағат 19:00 шамасында, Жылыой ауданында болған жол апатында «ПАЗ 320415» маркалы автобус басты жолда келе жатқан мопедпен соқтығысып, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық Полиция департаментінің полиция майоры Әділбек Шахметовтың мәліметінше, мопед құралдарына қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында соңғы бір айда жүргізілген тексеру барысында 122 мопед жүргізушісіне қатысты 221 құқықбұзушылық анықталған. Атап айтқанда:

Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе тіркелмеген көлікті басқару – 55 дерек,

Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлік басқаруы – 73 дерек,

Мас күйде көлік жүргізу – 9 дерек.

Аталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 150-ден астам мопед арнайы тұраққа қойылған.

Полиция кәмелетке толмағандарға мотокөлік құралдарын басқаруға рұқсат бермеуді сұрайды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 тамыз, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.