Атырау, 6 желтоқсан 10:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жергілікті білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

463 рет қаралды

Атырау облысында 2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен бөлінетін 268 білім беру грантына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Гранттар аймақтағы кадр тапшылығын жою мақсатында педагогика, медицина, құрылыс, дін, мәдениет, орман және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бөлінбек.

Атап айтқанда, талапкерлер Математика, Физика, Информатика, Арнайы педагогика, Психология, Орыс тілі мен әдебиеті, Дирижирлеу, Халық әні, Хореография, Жалпы медицина, Ветеринариялық медицина, Агрономия, Дінтану, Теология, Исламтану, Жаттықтырушылық қызмет, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Қоғамдық денсаулық сақтау, Әлеуметтану, Орман шаруашылығы, Қалдықтарды басқару, Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері, Архитектура, Қала құрылысы және Бизнес-аналитика сияқты мамандықтар бойынша білім ала алады, - деді М. Абуов.

Құжаттар 2025 жылдың 5–10 тамызы аралығында eatyrau.kz порталы арқылы
онлайн түрде қабылданады. Грант иегерлерінің тізімі 2025 жылдың 25 тамызына дейін Атырау облысы Білім басқармасының ресми сайттарында жарияланады.

Облыстық әкімдік ұсынған бұл гранттар ауылдық және өңірлік кадр жетіспеушілігін шешуге бағытталған. Мамандарды даярлау облыс бойынша келісілген сұраныс негізінде жүргізіледі

4 тамыз, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.