
Қашаған кен орнын игеріп жатқан Солтүстік Каспий консорциумы (NCOC) Астана қаласының апелляциялық сотында 4,2 миллиард доллар көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты істі сәтті даулағанын Atameken Business Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан билігінің наразылығы кен орнында күкірттің шекті мөлшерден артық сақталуына байланысты болған. Алайда сот консорциумның пайдасына шешім шығарып, оны жауапкершіліктен босатты. NCOC өз кезегінде күкіртпен жұмыс істеу қызметі Қазақстан заңнамасына және халықаралық стандарттарға толық сай екенін атап өтті.
— Біз соттың шешімін құптаймыз. Бұл шешім операциялардың барлық талапқа сай және тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын растайды, — деп мәлімдеді компания өкілдері.
Bloomberg агенттігі сонымен қатар Қазақстанның ұлттық жер қойнауын игеруден түсетін табысты арттыруға ұмтылып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта халықаралық арбитражға бұл жобаның серіктестері — Eni, Shell, ExxonMobil және TotalEnergies компанияларына қарсы 160 миллиард доллар көлеміндегі талап арыз жолданған. Талаптың негізгі бөлігі — мемлекет кірісінің кем түсуіне қатысты, бірақ экологиялық залал мен ықтимал жемқорлық фактілері де қарастырылған.
2024 жылы консорциум серіктестері Қазақстанға кейбір дауларды реттеу мақсатында әлеуметтік бастамаларға 110 миллион доллар инвестиция салуды ұсынған.
В Атырау +4