
26 шілде- 1 тамыз күндері Құрманғазы ауданына қарасты ауылдық округтердегі көктемгі тасқыннан кейін оқшауланып қалған жайылма сулардан 800 мың дана балық шабағы құтқарылды.
Құтқару жұмыстары ау құралдары арқылы жүргізіліп, қызылқанат, көксерке, мөңке, сазан, шортан, қаракөз, табан және жайын сияқты балық түрлерінің шабақтары табиғи тіршілік етуге қолайлы орта — Шарон және Қиғаш өзендеріне жіберілді.
Құтқару жұмыстары Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің мамандарының қадағалауымен және «Амангелді атындағы» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асты. Шабақтардың орташа салмағы — 7 грамм.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3