
Атырау облысының көлік жүргізушілері Атырау – Орал тас жолының жай-күйіне жиі шағымдануда, оны өңірдегі ең проблемалы жолдардың бірі деп атайды.
Жүргізушілердің айтуынша, бұл жолмен жүру қауіпсіз емес, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы қолайсыз болғанда. Көп учаскелерде жол жамылғысы толық бүлінген, көліктер терең шұңқырлар мен ойықтарды айналып өту үшін қарсы қозғалыс жолағына шығуға мәжбүр.
— Бұл тас жол емес, тірі қалу жолағы! — деп ашуланады Индер ауданасының тұрғыны. — Шұңқырдың бірі бітпей, екіншісі басталады, асфальттан түк те қалмаған. Жол жиегіне шықсаң — жолдан ұшып кетуің мүмкін, ал тура жүрсең — көлігің бұзыла ма, өзіңе бірдеңе бола ма деп қорқасың. Біз салық төлеп отырмыз, ал нәтижесінде дұрыс жол емес, қауіп-қатері көп болып тұр.
Әлеуметтік желілерде бүлінген жол учаскелерінің суреттері мен видеолары жиі жарияланып жатыр. Көп жүргізушілердің айтуынша, кейбір жерлерде жол біржолақты болып қалған: «бір-бірін көпірдегідей өткізеді». Сонымен қатар, әсіресе ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол апаттары көбейіп барады.
«ҚазАвтоЖол» не дейді?
Азаматтардың шағымдары жарияланғаннан кейін, "АЖ" редакциясы ресми түсініктеме алу үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның өңірлік филиалына жүгінді.
Мекеме жолдағы мәселенің барын мойындап, мынадай жауап берді: «Атырау – Орал автожолының 95–189 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындалды. Бұл жөндеуге жол табанын нығайту және екі қабатты асфальтбетон төсеу кіреді», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта бұл құжаттар Ұлттық жол активтері сапасы орталығында сараптамадан өтіп жатыр.
Филиал өкілдерінің айтуынша, оң қорытындыны 2025 жылғы тамыз айының алғашқы онкүндігінде алу күтілуде.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» негізгі жөндеу басталғанға дейін жолдың шұңқырларын жамау және шөгіп кеткен жерлерді түзету жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Бұл жұмыстарды «КАЖСервис» ЖШС мердігер меекме атқарып жатыр.
Күрделі жөндеу уәде етілген, бірақ әлі басталған жоқ. Сондықтан жүргізушілер әзірге өз қауіпсіздігін өздері ойлауға мәжбүр — жылдамдықты азайтып, түнде жолға шықпауға тырысады, ал қарсы бағыттағы көлік дер кезінде айналып өте ме деп үміттенеді. Жоба толық мақұлданып, іске аспайынша, Атырау – Орал тас жолы екі облыс орталығын жалғайтын жол осылай болмауы керек дегеннің нақты мысалы болып қала бермек.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3