Атырау, 6 желтоқсан 10:13
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

2 тамызда eGov порталы уақытша өшіріледі

459 рет қаралды

2025 жылғы тамыздың 1-нен 2-не қараған түні Қазақстанда негізгі мемлекеттік цифрлық сервистердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) хабарлауынша, жұмыстар «ҰАТ» АҚ жобаларының бүкіл цифрлық экожүйесінің қолжетімділігіне әсер етеді.

Техникалық жұмыстар 2 тамызда түнгі  сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың осы уақытта белсенділігі төмен болатынын ескере отырып таңдалды.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
  • «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқасын дайындауды ұсынады.

"Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!" - делінген хабарламада. 

1 тамыз, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.