Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда

472 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында “Атырау жастары” тұрғын үй бағдарламасы аясында 2023 жылдан бастап жастарды қолжетімді және тиімді шарттармен пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылдан бастап бағдарлама екі бағытқа бөлініп, “Атырау қала жастары” мен “Атырау аудан жастары” болып іске қосылды. Биыл өңірлік бағдарламалар арқылы шамамен 150 жас отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Табысы төмен жастарға арналған бағдарламаға барлығы 770 жуық өтінім түскен. “Атырау қала жастары” бағдарламасы бойынша 121 жас баспанамен қамтамасыз етілсе, “Атырау аудан жастары” жобасы аясында Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарынан 20 жас қоныс тойын тойлады. 

Сонымен қатар 11 жастарға тұрғын үй сатып алу үшін несие беру мақұлданған. Бұл бағдарлама жастарға жаңа баспана салу емес, нарықтағы қолжетімді үйлерді тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігін ұсынады, - деді Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімінің басшысы Гүлфайруз Өмірғали.

“Атырау қала жастары” бағдарламасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлініп, сондай-ақ “Отбасы банк” АҚ 800 миллион теңге қаржы үлестіріп, қаражат толығымен игерілді. Ал “Атырау аудан жастары” бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 500 миллион және банктен 200 миллион теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жалғасуда.

31 шілде, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.