Атырау, 6 желтоқсан 10:54
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Грузияның автокөлік экспортының 80 пайызы Қырғызстан мен Қазақстанға тиесілі

502 рет қаралды

Биыл Грузия жеңіл автокөліктерді қайта экспорттаудан 1,2 миллиард доллар табыс тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz.

2025 жылдың алғашқы жартысында Грузия 1,2 миллиард долларға жуық жеңіл автокөліктерді басқа елдерге қайта сатқан. Бұл елдің жалпы экспорттық кірісінің 38%-ын құрайды.

Көлік экспорты 2021 жылдан бері 493 пайызға өскен. Автокөлік экспортының басым бөлігі (81%) Қырғызстан мен Қазақстанға тиесілі, бұл шамамен 981 миллион долларды құрайды.

Жыл басынан бері Қырғызстанға Грузиядан 681 миллион доллардың тауары экспортталған, оның ішінде 628,2 миллион доллары – автокөліктер. Салыстырсақ, Еуропа елдеріне экспорт көлемі 372,7 миллион доллар болды.

Грузиядан қайта сатылған бір автокөліктің орташа құны 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 7,6 мың доллардан 24 мың доллардан асты.

31 шілде, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.