
Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында 29 шілдеде кеште қарудан жарақат алған төрт ер азамат аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға шамамен 21:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жарақат алған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
В Атырау +3