Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Сорбұлақта жоғалған әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы тәулік бойы іздестіріліп жатыр

272 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.

– Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы кедергі келтіруде. Алайда, 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу-құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Сол іздеу жүріп жатқан аймақта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурстар жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

– Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз. Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Бұл жағдайдың себебін анықтап, жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз, – деді Қорғаныс министрі.

Үйсенбай Нұржігіт тікұшақ экипажы командирінің үлкен ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, таңертеңнен кешке дейін ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған іздеу орнында. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.

Іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.

30 шілде, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.