Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Тоқаев Түркия сапары аясында Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

390 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапарын осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен бастады. 

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

29 шілде, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.