
2025 жылдың 29 шілдесінде өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин цифрландырудың зейнетақы рәсімдеу процесін қалай оңайлататынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаныш Төлеушин Қазақстанда зейнетақыны электронды түрде рәсімдеу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
"Бұрын зейнетақы тағайындау процесі азаматтардың тікелей қатысуын, құжаттарды жинауды және еңбек өтілін растауды талап ететін. Қағаз жүзіндегі деректерді өңдеу мерзімді ұзартып, кезектерге әкеліп соқтыратын, сондай-ақ зейнетақыны есептеу кезінде қателіктерге жол беру қаупін арттыратын. Қазіргі таңда пилоттық режимде жаңа тәсіл қолданылуда. Яғни, жүйе жас шамасын ескере отырып, автоматты түрде зейнетақы ісін қалыптастырып, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азаматтың өтінішінсіз-ақ зейнетақыны автоматты түрде тағайындайды", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, бұл тәсіл қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға, рәсім қадамдарын 6-дан 1-ге дейін азайтуға және азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
В Атырау +3