
29 шілдеге қараған түні Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының өндірістік аймағындағы тас жолда GTA видеоойынындағы көріністерді еске түсіретін қуғын болды. Сағат 01:30 шамасында полицейлер DAF маркалы жүк көлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған. Алайда, жүргізуші заңды талаптарды елемей, қашып кетуге тырысты, деп жазады Lada басылымы.
Облыс орталығының көшелерінде бірнеше патрульдік экипаж ілескен ауқымды қуғын басталды. Жолда қауіп төндірген бұзушы қарсы жолаққа шығып, жол белгілерін елемей, бірнеше рет жол ережесін бұзған.
Оны тек жолға төселген арнайы шегесі бар жайма төсеніштің көмегімен тоқтатты.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, көлік тізгінінде жеке көлік компаниясында жұмыс істейтінТүркістан облысының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды. Құжаттары болғанына қарамастан, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан, бұл мас күйінде көлік жүргізумен теңестіріледі.
Жүк көлігінің жүргізушісі бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды:
- полицияның заңды талаптарына бағынбау;
- қауіпті маневр жасау;
- қарсы жолаққа шығу;
- медициналық куәландырудан бас тарту;
- жол белгілерін елемеу және авариялық жағдай жасау.
Жүк көлігі айып тұрағына жіберілді, материалдар қарау үшін сотқа өткізілді.
В Атырау +3