Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Вице-министр жұмыс сапарымен «Павлодар мұнай-химия зауытына» барды

258 рет қаралды
gov.kz

Павлодар облысы, 2025 жылғы 26 шілде
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не (ПМХЗ) барып, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Сонымен қатар, вице-министр зауыттың ағымдағы қызметімен және өндірістік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және дамыту жоспарларымен танысты.
Сапар барысында Ә. Жамауов ПМХЗ-ның негізгі технологиялық нысандарын аралады. Атап айтқанда, мұнайды бастапқы өңдеу, каталитикалық крекинг (мұнайды терең өңдеуді қамтамасыз ететін үдеріс) және гидротазалау қондырғыларының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған оператор бөлмесінің қызметін бағалады.
Сонымен қатар, вице-министр «Нефтехим LTD» кәсіпорнының қызметімен де танысты. Бұл өндіріс орны шикізат ретінде ПМХЗ-дан жеткізілетін сұйытылған мұнай газын пайдаланады. Кәсіпорын басшылығы өндірістік қуаттарды таныстырып, түйіршіктелген полипропилен мен метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) қоспаларын өндіру технологиясын көрсетті. Сонымен бірге алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейтуге бағытталған жоспарларымен бөлісті.
Іс-сапар қорытындысы бойынша Ә. Жамауов елімізде көмірсутек шикізатын өңдеу тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың қажеттігін айтты.

28 шілде, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.