Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға 46 228 ​ теңгеден көмек көрсетіледі

344 рет қаралды

Атырау облысында атаулы көмектің мөлшері өсті: биыл әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға 46 228 теңге көлеміндегі қаржылай қолдау көрсетіледі, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында аймақтағы әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға көрсетілетін атаулы көмектің мөлшері артты. Бұрын бір балаға 43 407 теңге бөлінсе, биыл бұл сома 6,5% өсіп отыр.

Атырау облыстық Білім беру басқармасының мәліметі бойынша, аталған көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінеді. Қаржы ата-аналар мен олардың заңды өкілдерінің есепшоттарына тікелей аударылады. Айта кетейік, былтыр облыс бойынша 20 619 балаға қаржылай көмек көрсетілген. Биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету үшін жергілікті өндіріс орындары мен еріктілер тартылмақ.

Еске салсақ, өткен жылы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1226 балаға жергілікті кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қосымша материалдық көмек берілген еді.

28 шілде, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.