
Астанадағы дөнерханалардың бірінде жазатайым оқиға болды: қызметкер ыстық майға күйіп қалды. Оқиға асханада орын алған, онда қызметкерлердің бірі абайсызда ыстық май тұрған ыдысты әріптесіне төгіп алған, деп хабарлайды Tengrinews.
Әлеуметтік желіде зардап шеккен адамның ауыр күйік алғаны және мекеменің залалды өтеуден бас тартқаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда, қоғамдық тамақтану орнының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
— Біз дереу қажетті көмек көрсеттік, қыздың ата-анасымен байланыстық, емделуіне ақша беріп, өтемақы төледік, — делінген мекеменің ресми түсініктемесінде.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі егер зардап шеккен адам өтемақы көлемі жеткіліксіз деп санаса, ол еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы екенін еске салды.
В Атырау +3