Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке жасалған қастандық: іс ашық сотта қаралады

315 рет қаралды

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. BES.media хабарлағандай, процесс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында ашық режимде өтеді.

Іс бойынша айыпталушы - Ернар Жиенбай. Ол сот залында фото және видео түсірілімге қарсылық білдірді. Тыңдау қазақ тілінде өтіп жатыр.

Қстандық шабуылы 21 сәуірде кешке әкімдік ғимаратының жанында болды. Руслан Берденов оқ жарақатын алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Жүргізілген операциядан кейін ол емделіп, ауруханадан мамырда шықты және шенеуніктің айтуынша, ол күнделікті жұмысына қайта оралды.

Қылмыстық іс сотқа 22 шілдеде берілді. Ернар Жиенбайға ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылды — 24-баптың 3-бөлігі (Қылмысқа оқталу) және 99-баптың 1-бөлігі (Адам өлтіру).

28 шілде, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.