
Астана қаласының соты "Biz Birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының негізін қалаушысы Перизат Қайратты аса ірі көлемде алаяқтық пен заңсыз ақша заңдастырды деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оның анасы Гайни Алашбаева да кінәлі деп танылып, 7 жылға сот залында қамауға алынды.
Сот шешімі бойынша:
-
Қайрат 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырды;
-
Бұл ақша негізінен қарапайым халықтан "қайырымдылық" ретінде жиналған;
-
Қаражатқа үй, көлік, шетелдік бренд тауарлар алынған;
-
Қор қаражаты шын мәнінде мұқтаж жандарға жетпеген.
Сот мүлікті тәркілеуге шешім шығарды:
-
4 пәтер, үй, 4 автокөлік, ЖШС-дегі үлесі, банктегі ақшалары – мемлекет меншігіне өтеді.
Перизат пен анасы кінәсін мойындамаған. Олар "бар ақшаны мұқтаж жандарға жұмсадық" деп мәлімдеген. Алайда сот бұл қордың артында қаржы жымқыру схемасы тұрғанын айтты.
В Атырау +3