Атырау, 6 желтоқсан 12:10
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бейнеу әкімі жерді анасына рәсімдеп, қызметін жалғастырып жатыр

462 рет қаралды
Сурет: starcom68.livejournal.com

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылының әкімі Нұржан Кенбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, шенеунік  мүдделер қақтығысы болуы мүмкін екені туралы басшылықты хабардар етпей, үй салу үшін жер учаскесін анасының атына рәсімдеген.

Сот Кенбаевтың өз өкілеттігі шегінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдамай, жақын туысқанына қатысты шешім қабылдау кезінде туындаған мүдделер қақтығысы туралы өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарламағанын анықтады. Оның іс әрекеттері өзінің берген түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, Превенция басқармасының қызметкерінің баянатымен және іс материалдарына тіркелген ақпараттармен расталды.

Сотта Кенбаев өз кінәсін мойындап, әрекетінің заңсыз екенін түсінетінін, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермеуге тырысатынын айтты. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде құқық бұзушының кінәсін мойындауын таниды. Ауырлататын мән жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабымен кінәлі деп танылып, оған 393 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. Сот шешіміне қарамастан әкім қызметінен босатылған жоқ, өз жұмысын атқарып жатыр. 

25 шілде, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.