Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі тағайындалды

335 рет қаралды

Мемлекеттік активтерді басқару, энергетика, корпоративтік құқық және халықаралық ынтымақтастық саласында 25 жылдық тәжірибесі бар маман Аида Еділ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының (business partner) кеңесшісі болып тағайындалды.

Аида Еділ 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Doctor of Business Administration, Master of Public Administration (мемлекеттік меншікті басқару саласында), сондай-ақ юриспруденция, халықаралық экономикалық қатынастар және комплаенс саласында біліктілігі бар. Chief Compliance Officer ұлттық дипломының иегері және Халықаралық тәуелсіз директорлар қауымдастығының (ТДҚ) мүшесі.

Еңбек жолын президенттің жариялаған конкурсында жеңіске жеткеннен кейін бастап, еліміздің 50 үздік студентінің тізіміне енді. Әр жылдары төмендегідей негізгі қызметтерді атқарды:

  • ҚР Энергетика министрлігінде – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ-қа жетекшілік ететін мемлекеттік активтерді басқару департаментінде;
  • «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ – активтерді басқару саласында;
  • Энергетика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарды;
  • Премьер-министрдің құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарының аппаратында кеңесші болып жұмыс істеді;
  • 9 жыл бойы «Қазгеология» АҚ-ның Омбудсмені және корпоративтік хатшысы болды.

Кәсіби жетістіктерінен бөлек, Аида Еділ алты бала тәрбиелеп отыр.

24 шілде, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.