Атырау, 27 желтоқсан 08:41
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Балаңыз жасқа толса, жоғары білім жайлы ойлаңыз

3 893 просмотра

Биылғы жылы кейбір мамандықтар бойынша бір білім беру гранты үшін 15-тен 65-ке дейін талапкер таласқан. Осыдан кейін көптеген адамдар дипломды тек ақылы оқу арқылы ғана ала алады. Алайда бұған ақша жоқ болса, ата-аналар не істейді?

БІРІНШІ ТӘСІЛ – ҚАРЫЗҒА АЛУ

«Қаржы орталығы» АҚ тұлғасында мемлекеттік кепілдік арқылы білім беру несиесін қолдануға болады. Ол «БТА Банкі» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ және «Альянс Банкі» АҚ беретін білім беру несиелеріне (жеңілдік бағдарламасы бойынша) кепілдік береді.

«Қаржы орталығы» АҚ қатысуымен алған несиені есептеу мысалы Несие мерзімі – 10 жыл, пайыздық мөлшерлемесі жылына 15%-ды құрайды. 3-курстың студенті 600 000 теңге сомаға несие ресімдейді (несие желісінің сомасы). Жылдық оқу ақысы – 200 000 теңге. Ақшаны банк жоғары оқу орны шотына әр семестр сайын аударып отырады, оқу кезінде студент тек пайыздық үстемені ғана төлейді:                        Бірінші семестрге – 1 250 теңге сомасында; екінші семестр – 1250+1 250=2 500 теңге сомасында; үшінші семестр – 3 750 теңге сомасында, яғни ай сайынғы жарналар транштардың келіп түсуіне байланысты көбейіп отырады. Оқу кезі мен жұмысқа орналасу уақытында (жарты жыл жеңілдік кезең) пайыздық үстемақыны төлеу қағидаты осындай. Әрі қарай негізгі қарызды жабу басталады.

Банк несие алуға үміткердің құжаттарын қарап, екі аптаның ішінде шешім шығарады. Егер бұл оң шешім болса, «Қаржы орталығы» банкке кепілдемелік міндеттеме береді, ал осының негізінде жоғары оқу орны шотына қажетті сома аударылады (оқуда жақсы бағалар алу талабымен әр семестрге немесе жыл сайын транштарға бөліп аудару).

Білім беру несиелерін «Қаржы орталығының» әріптес банкілері әр түрлі талаптармен береді, бағдарлық сандар - 9%-дан 17 жылға дейін. Міндетті талап – Қарыздасың немесе Кепіл тұлғаң болуы керек, сондай-ақ, оның орнына туысқаныңды немесе басқа да тұлғаларды тартуға болады.

Осы несиелерді тек Қазақстанның аттестациядан өткен жоғары оқу орындарында оқыған студенттер\магистранттар ғана пайдалана алады. Ал жеңілдік алушыларға (жетімдер мен ата-ана қамқорлығынан айырылғандар; мүгедектер; ата-аналарының бірі мүгедек болып табылатындар; ата-аналарының бірі зейнеткерлік жасқа жеткендер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққандар; ата-аналарының тек біреуі ғана тәрбиелеп жатқан толық емес отбасылардан шыққандар) несиелеудің жеңілдетілген талаптары қарастырылған.

Студенттің сабақ үлгеріміне қаржылық орталықтың кепілдік беру пайызы байланысты болады; кепілдіктің пайызы үлкен болған сайын банктің пайыздық мөлшерлемесі төмен болады.

Осы бағдарламаның басты басымдығы - негізгі қарызды жабу кезеңінің ұзақтығы, бұл оқу мерзіміне және оған алты ай қосқан уақытқа созылады. Бұл студенттің оқу кезінде несиені емес, оның тек пайызын төлей алатынын білдіреді. Оқу бітіргеннен алты айдан кейін ол негізгі қарызды төлеуді бастайды. Бұл шегерудің басты мақсаты – студенттің жұмыс табуына мүмкіндік беру.

 

ЕКІНШІ ТӘСІЛ – ЖИНАУ

Жыл басынан бері Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі (МБЖЖ) қолданысқа енгізілді. МБЖЖ жүзеге асыру операторлары болып үш банк – Қазкоммерцбанк, Темірбанк және Қазақстанның Халық банкі жарияланды. Атырауда осы мемлекеттік білім беру жинақ жүйесін жүзеге асыруға кіріскен бірінші және әзірге жалғыз банк – Темірбанк. Банк директорының орынбасары Қайрат ТӨЛЕПОВ МБЖЖ аясында ақша жинау мүмкіндіктері туралы айтты:

МБЖЖ аясында салым салу мысалдары Ата-аналар өзінің 10 жасар баласы үшін салым ашты, жинақтау мерзіміне 7 жыл таңдалды. Алғашқы жарна 5 000 теңгені, келесі жарналар ай сайын 15 000 теңгені құрайды. Депозит бойынша банктің үстемесі - 8%, мемлекеттің сыйақысы - 5%. Жинақтау мерзімі аяқталғанда, бала  17-ге толғанда салымның жалпы сомасы 2 миллион 75 мың теңгені құрайды. Осылардың ішінде салымшының жинаған өз ақшасы 60%, банктің үстемесі – 23%, мемлекеттің сыйақысы – 17%. Азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары үшін мемлекеттің салымы көбірек болуы мүмкін.

- Осы жүйедегі салымдардың негізгі басымдығы – жоғары пайыздық үстеме. Мұнда 8% - банктің мөлшерлемесі (басқа банктерде басқаша болуы мүмкін), 5% -мемлекеттің мөлшерлемесі. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен шыққан салымшыларға мемлекеттік мөлшерлеме жоғары - 7%, алайда салымшылардың екі тобына да 100 АЕК-тен аспауы керек. Нәтижесінде, банктің және мемлекеттің үстеме мөлшерлемелерін қосқанда  жылына 13% және 15%-ды құрайды.

Білім беру салымдарының негізгі талабы – бір балаға тек бір салым ғана ресімделеді, шарттың ең төменгі мерзімі – 3 жыл, ең жоғарғы мерзімі – 20 жыл. Бастапқы жарна үш АЕК-тен кем болмауы керек, биыл бұл сома 5 193 теңгені құрайды. Депозитті қандай кезеңдерде, қандай ақшамен толтыруды салымшының өзі шешеді. Барлығы да оның қаржылық мүмкіндігіне байланысты – ай сайын 15 мың төлеуге де, бар болса, 150 мың салуға да болады. Салымға банк үстеме қосады және олар бірігеді, капитализацияланады. Мемлекеттік үстеме жылына бір рет аударылады. Салымнан керек кезінде ақша алып тұруға рұқсат етілмейді.

Жиналған қаражатты ата-аналар тек баланы оқытуға жұмсауға құқылы. Бала кез келген кәсіби оқу орнына – қазақстандық колледждерге, институттарға, университетке, магистратураға, сондай-ақ, шетелдік оқу орындарына түсе алады. Бұл қаражатты қосымша сабақтарға, тіл үйрену мектептеріне жою мүмкін емес.

Бала оқуға түскен бойда, біз онымен шарт жасасамыз, осыдан кейін ғана жиналған қаражат оқу мекемесіне тікелей аударыла бастайды. Яғни, салымшының қолына бұл ақша берілмейді. Мұнымен жиналған қаржының тек белгіленген мақсатта ғана қолданылуы қамтамасыз етіледі.

-Өмірде бәрі болады. Мәселен, бала мектеп бітіргеннен кейін оқығысы келмейді немесе оқи алмайтын жағдайда болады. Немесе оқуға түсу үшін білім беру грантына ие болды делік. Бұл жағдайда салымға не болады?

- Ата-аналар жинақталған салым сомасын басқа балаға ауыстыра алады. Немесе жауып тастауға болады. Алайда екінші жағдайда олар мемлекет тарапынан қосылатын үстемақыдан айырылады.

-Ал егер ата-аналар бір банктен білім беру жинақ салымын ашып, алайда кейіннен басқа банктің пайдалы ұсыныстары туралы естісе, салымды ауыстыра ала ма?

- Салымшылар банк таңдауға құқылы. Ал егер басқа банктің шарттары тартымды болып көрінсе, олар өз салымдарын еш қиындықсыз, пайыздарын жоғалтпай-ақ, басқа банкке ауыстыра алады. 5 млн теңгеге дейінгі салымдар міндетті түрде сақтандырылады.

Атырауда қазірдің өзінде жиырмаға жуық адам МБЖЖ аясында салымшы болуға ниет білдірген. Ата-аналары қазірден бастап оқытуға ақша жинауды шешкен балалардың жасы - әр түрлі. Ең кішісі қазір бір жаста.

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.