
БҚДА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаласындағы (Орал қаласындағы Geely-дың ресми дистрибьюторы) «G Motors Uralsk» ЖШС-нің әрекеттеріне қатысты өңір тұрғындарының ұжымдық өтінішін қарастырды.
Тексерістің аясында автосалон мен сатып алушы арасында жасалған сатып алу-сату шарттарында көлікті кепілдік мерзімі ішінде тек «G Motors Uralsk» ЖШС-нің ресми дилерлік сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өту талабы көзделгені анықталды.
Бұл талап орындалмаған жағдайда кепілдік жөндеуден бас тарту қарастырылған еді.
Осыған байланысты, Департамент тарапынан «G Motors Uralsk» ЖШС-не анықталған бұзушылықтарды жою және оларды тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолданды.
В Атырау 0