Атырау, 6 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​«Алматыгазсервис-Холдинг» ​басшылығы миллиондаған қаражат жымқырды деп күдіктелді

Бейнежазба
250 рет қаралды
Сурет: ҚР ҚМА

Табиғи газды өңірге жеткізетін «Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамында тұтынушылардың ақшасын жымқырудың ауқымды схемасы әшкереленді.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, «Алматыгазсервис-Холдинг» Акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады. Тергеу материалдарына сай компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған.

Алайда аталған жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты «SymphonyGAS» жүйесінде жасырып келген. Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын тұлғалар тобы 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.


24 шілде, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.