Атырау, 6 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​25 шілдеден бастап тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылданады

441 рет қаралды

Ұлттық тестілеу орталығы тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау 25 шілде - 5 тамыз аралығында өтетінін хабарлады.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді.

Тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ең алдымен, негізгі тестілеуде шекті балды жинай алмаған талапкерлерге ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу үшін өткізіледі. Тіркелген кезінде қатысушы ҰБТ өтетін күнін, уақытын және орнын өзі таңдайды.

Қосымша ретінде, егер талапкер бұрын негізгі ҰБТ-ға қатысқан болса, тамыз айындағы тестілеуде бейінді пәндер комбинациясын өзгертуге болады.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
  • Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
  • Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Маңызды:

  • Колледж түлектері, егер олар жоғары оқу орнында туыстас мамандық бойынша ақылы негізде оқуды жалғастыратын болса, әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылдана алады. Мұндай қабылдауларды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

  • 23 шілде, 12:46

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.