Алматы облысы Мыңбаев селосындағы Ұлттық мал шаруашылығы институтының жеке шаруашылығында Қазақстан қойшыларының І съезі өтті. Форумға біздіңоблысымыздан Еділбай тұқымды қой өсіруменайналысатын «Сүйіндік асыл тұқымды мал қой зауыты», «Мақаш» және «Құрманғазы» шаруа қожалықтарының басшылары, сондай-ақ, мал шаруашылығы институты филиалының ғалымдары қатысты.
«Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-нің директоры Төлеген ЖАСИМОВТЫҢ айтуынша, фермерлердің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВПЕН кездесуі шындықпен «бетпе-бет келу» сияқты болды. Сала басшысы аграршылардың ұсыныстарын жазып алып, субсидияларды арттыруға уәде берді.
Съезде қызықты статисти-калық мәліметтер айтылды: 1991 жылы Қазақстанда 35,9 млн қой болған, сол кезде республикамыз ірі қой етін жеткізуші елдердің ондығына кірген. Бір ғана «Сүйіндік» кеңшарында 60 мың Еділбай тұқымдас қой өсірілген. Ал бүгінде облыстың «Сүйіндік асыл тұқымды мал қой зауыты», «Мақаш», «Құрманғазы»және «Ақжонас» сияқты 4 асыл тұқымды мал шаруашылықтарында қой басы осы санның жартысына да жетпейді.
Т. Жасимов адам сенбестей нәрселер туралы айтты: кеңестік кезеңде шаруашылық табысының 40%-ы қой жүнін сатудан келетін. Қазір жеке меншік дайындаушылар жүннің бір келісін 30 теңгеден сатып алады. Ал жалдамалы жұмысшылар бір қойды күзеу үшін малшылардан 300 теңге алады. Бұдан біздер аграршыларға мал жүнін өндіру тек шығын әкелетінін көреміз.
Қазір әлемде негізінен сиыр еті мен шошқа еті өндіріледі. Қой етін өндіру тек 2%-ды құрайды. Сонымен қатар жүн мен қаракөлге деген сұраныс та төмендеп кетті. Кең алқап жайылымын тиімді пайдаланып, Қазақстан әлемдік қой еті нарығында алға шыға алады. Съезд қатысушылары министрлікке жүнді жүн өңдеу фабрикалары арқылы дайындау тәжірибесіне қайта келу керек деген пікірлерін білдірді.
Министр көп жылдар бұрын қолданыста болған фермерлерден қой өнімдерін сатып алу сызбасын жасау қажет деп ұсынды. Аграршыларды ет комбинаттарының орнына «ҚазАгроӨнім» ЖШС қаржыландырар еді. Сондай-ақ, ол осы жылдан бастап бір төл беретін ұрғашы малды бағуға берілетін мемлекеттік субсидия жылына 1,5 мың теңгені құрайтын болады. Алайда бұл ақшаны алу үшін қойшылар заңды тұлға ретінде тіркеліп, кезеңдермен ұрықтандыру үшін асыл тұқымды қошқарларды алып, селекциялық жұмыстарды жүргізуі керек.
Қой бағуға біздің облысымызда жақсы жағдайлар жасалған деп есептейді Т. Жасимов. 2013 жылы облыстық әкімдік Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауыл аумағын дамыту ғылыми зерттеу институты әзірлеген «Атырау облысындағы малдың бір басына және мал шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне кететін нормативті шығындарды» бекітті. Осы құжатқа сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығы қожалықтарының қой бағуға кететін шығындарының 50%-ын өтеу үшін бюджеттен субсидиялар берілетін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ