Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Прокуратура 55 ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың құқықтарын қалпына келтірді

264 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бейнеу ауданы прокуратурасымен «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ (бұдан әрі – Түзету кабинеті) қызметінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша білім алу құқығын шектейтін заң бұзушылықтар анықталды.

 Түзету кабинеті психофизикалық дамуы бұзылған туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
 
2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмегені анықталды.
 
Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген.
 
Қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің көрсетілмеуі салдарынан барлығы 55 мүгедектігі бар балалардың құқықтары бұзылған.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ал оның орынбасары тәртіптік жаза қолданылды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 55 мүгедектігі бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

23 шілде, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.