Атырау, 6 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда жол құрылысын қадағалаудың жауапкершілігі күшейді

466 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚР Көлік министрлігі жол құрылысы сапасына жауапты техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігі күшейтілгенін хабарлады. 

Жаңа өзгеріс бақылау сапасын арттыруға және жол жөндеу жұмыстарының қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Енді автожолдардың құрылысы мен жөндеуін қадағалайтын ұйымдар жол құрылысы саласындағы кәсіби мамандарды штатқа алуға міндетті. Бұған дейін аккредитация алу кезінде бұл талап міндетті болып саналмаған. 

Сонымен қатар, қадағалаушы мамандардың құқықтық жауапкершілігі де күшейтілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, техникалық және авторлық қадағалау жүргізетін тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілді. Бұл олардың қызметін тиісінше орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Қабылданған шаралар еліміздің автожол инфрақұрылымының сапасын арттыруда маңызды кезең болмақ.

22 шілде, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.