
Алматы облысының әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруге байланысты туындаған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды көшіру процесі тоқтатылып, олар бұрынғы мекенжайда қалып, оқуын сол жерде жалғастырады. Жетім балалардың заңмен кепілдендірілген барлық құқықтары сақталады.
Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай Қонаев қаласындағы жаңа балалар үйіне де көшуге мүмкіндік беріледі.
«Жедел кеңес қорытындысы бойынша, басқарушылық шешімдерде қателікке жол берген жауапты тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізу тапсырылды. Олар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Балалар үйінің ғимаратын беру мәселесі әлі мемлекеттік органдар арасында талқылану сатысында. Әкімдік баланың әлеуметтік қызметтерді алу, медициналық көмекпен қамтылу және тұрғын үй кезегіне тұру құқықтарының толық сақталатынын атап өтті.
В Атырау 0