Атырау, 6 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ІІМ​: Сезімнің артында есеп жатыр

293 рет қаралды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) азаматтарды әлеуметтік желілер мен танысу сайттарындағы онлайн алаяқтарға қатысты сақ болуға шақырады.

Министрлік мәліметінше, кейбір қазақстандықтар өздерін махаббат іздеп жүрген шетелдік ретінде таныстыратын алаяқтардың құрбаны болуда. Бұл – романтикалық алдау схемасы: жылы сөздермен сенімге кіріп, кейін түрлі сылтаумен ақша сұрайды.

Алаяқтар көбіне:

  • сезімін тез білдіреді,

  • бейнеқоңыраудан немесе кездесуден жалтарады,

  • аяныш тудырып, қиын өмірі жайлы жазады,

  • ақша не бағалы зат сұрайды.

Мәселен, Астана тұрғыны интернет арқылы сөйлескен адамға сеніп, 9 миллион теңге жіберіп қойған.

ІІМ азаматтарға: бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді. Күдік туса – бірден 102-ге хабарласуды сұрайды.

22 шілде, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.