Атырау, 6 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркістанда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған топ құрықталды

270 рет қаралды

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Бұл операция Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен атқарылды. 

Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

22 шілде, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.