
Батыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері танымал блогер, әлеуметтік желілердегі пабликтер мен арналар желісінің иесі Айболат Бөкеновті ұстады.
Бұл туралы "Уральская Неделя" басылымы хабарлады.
Тергеу мәліметтері бойынша, Бөкенов Жаңақала ауданындағы ауылдық округтердің бірінің әкімінен ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Ол шенеуніктің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратумен қорқытып, 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша талап еткен.
16 шілдеде блогер 300 мың теңге алған кезде ұсталды. Ол кінәсін мойындады.
Бөкеновке қатысты "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.
В Атырау 0