Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

19 шілдеде түнде eGov қызметі шектеледі

503 рет қаралды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) сүйемелдейтін жобалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. 

Жұмыстар «ҰАТ» АҚ жобаларының бүкіл цифрлық экожүйесінің қолжетімділігіне әсер етеді.

Техникалық жұмыстар 19 шілде сағат 02:00-ден сағат 08:00-ге дейінжүргізіледі. 

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:  

  •  eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);  
  •  e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  •  Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;  
  •  «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;  
  •  Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.

18 шілде, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.