Атырау, 6 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Астанада QR-код​ арқылы есірткі жарнамалаған әйел сотталды

376 рет қаралды
Көрнекі сурет

Астанада 28 жастағы әйел есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын жарнамалаумен айналысып, сотталды. 

Прокуратураның мәліметі бойынша, ол қаладағы көпшілік пайдаланатын орындарға: көше бағандарына, жол белгілеріне, сыртқы кондиционерлерге, кіреберіс есіктеріне, шлагбаумдарға және басқа да көзге көрінетін жерлерге QR-коды бар стикерлерді жапсырған. 

Сотталған фотосалоннан тыйым салынған заттар сатылатын интернет-платформаға апаратын әрқайсысында 4 QR-код жасырылған 116 стикер басып шығарған. 

Аталған заңсыз әрекеттер қала бойынша орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерімен анықталды.Мемлекеттік айыптаушымен сотқа оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды. 

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

18 шілде, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.