
Ақтау қаласының прокуратурасымен «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу заңдылығы бойынша талдау жүргізілді. Қорытындысында жұмысшыларға уақатында еңбекақы төлеуде едәуір кемшілік анықталды.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды, жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Мұнайшылар бұған дейін Қазақстан Президентіне, облыс әкімі мен прокурорына, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция комитеті басқармасының басшысына бейнеүндеу жолдаған болатын.
В Атырау 0