Атырау, 6 желтоқсан 14:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Ақын, жазушы, сазгер Исраил Сапарбай дүниеден озды

404 рет қаралды

Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті ұлт ақыны, талантты сазгер Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында көз жұмды.

Бұл туралы қазақстандық ақын, журналист, этнограф Қасымхан Бегманов хабарлады.

— 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Иә, сағат тілі қасиетті жұмаға қарай ауғанда ақынның соңғы демі үзілді. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасымен бірге ағамыз қатты ауырып жатқанда, ауруханаға барып, үнемі хабар алып тұрдық. Соңғы барғанымызда күбірлеп, ақырын өз өлеңін оқып жатты…, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қасымхан Бегмановтың сөзінше, аса көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында әндері, лағылдай, мөлдіреген жақұттай поэзиясы, мәңгі өлмес сырлы, мұңлы жырлары қалды.

— Жазған пьесалары М.Әуезов театрынан бастап еліміздің бірнеше театрларында сахналанып, отты жырлары өз оқырмандарын тауып, әсем әндері миллиондардың жүрегіне жетіп, қазақ аспанында қалықтап тұр. Жаныңыз жәннатта болсын, асыл аға, жан аға, — деп жазды Бегманов.

18 шілде, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.