Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астанада сауда кешені өртенді

249 рет қаралды

Астанада Алаш тас жолы бойындағы Байқоңыр ауданындағы "BIG Шанхай" сауда кешенінде өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.  

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрт қатты өршіп кеткен күйде болды және аралық қабаттың бір бөлігі опырылып түскен. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жану жүктемесі мен қатты түтіндеу салдарынан күрделі болды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Құтқарушылардың жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған.

Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды. 


18 шілде, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.