Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Орал-Озинки жолындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

273 рет қаралды

Орал-Озинки жолында болған жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Мой город" хабарлады.

Қайғылы оқиға 17 шілде күні сағат 15:00-де трассаның 64-шақырымындағы Усихино елді мекенінің маңында болған. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Chevrolet Aveo маркалы автокөліктің жүргізушісі оңтүстік бағытта қозғала отырып, Камазды басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан жеңіл көлік өртеніп кеткен.

Оқиға орнында Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

18 шілде, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.